• USD: 457
  • EUR: 531
  • RUB: 5.32
жаңалықтарға
  • Компания туралы
  • Жетістіктер
  • Басшылық
  • Директорлар кеңесі
  • Төлемдерді төлеуге арналған шот
Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы «Каспий тауар биржасы» АҚ және Safex.kz-пен бірлесе отырып, Алматы қаласында брокерлер мен тауар биржалары өкілдеріне арналған шеберлік сабағын өткізді.
03.11.2025

Тауар биржаларының брокерлері үшін ҚҚ/АҚ (Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл)
Сауда операциялары арқылы ақшаны жылыстату (Trade-Based Money Laundering, TBML) — қазіргі заманның ең өзекті қаржылық сын-қатерлерінің бірі. FATF пен БҰҰ деректері бойынша, әлемде жыл сайын шамамен 2 триллион АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат жылыстатылады, оның ішінде шамамен 16 миллиард доллары Қазақстанға тиесілі.

Алда маңызды өзгерістер күтіп тұр: 2025 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанда ҚҚ/АҚ туралы Заңға енгізілген түзетулер күшіне енеді. Тауар биржаларының брокерлері қаржылық мониторинг субъектілері болып, KYC рәсімдерін, ішкі бақылау жүйесін және қызметкерлерді оқыту бағдарламаларын енгізуге міндетті болады.

Нарықтың жаңа талаптарға дайындалуына көмектесу мақсатында Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы Caspy Commodity Exchange және Safex.kz компанияларымен бірлесіп, Алматы қаласында брокерлер мен тауар биржаларының өкілдеріне арналған шеберлік сабағын өткізді.

Кездесуде жаңа заңнамалық талаптарға бейімделу жолдары, ақшаны жылыстатудың белгілерін және күмәнді мәмілелерді анықтау тәсілдері, сондай-ақ AML-процестерін автоматтандыруға көмектесетін цифрлық шешімдер талқыланды.

Әрбір кездесу нарықтың жаңа талаптарына дайындалуға және қатысушылардың комплаенс саласындағы құзыреттілігін арттыруға үлес қосуы үшін жұмыс істеудеміз.

Меню: