«Каспий» Тауар биржасы» АҚ биржаның клирингтік орталығы болып табылатын «Казэнерджи консалт» ЖШС-нің тауар биржалары саласында клирингтік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алғанын хабарлайды.
Мемлекеттік лицензия Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен 2026 жылғы 06 қаңтарда № KZ32LAZ00000025 болып берілді.
Лицензияның алынуы «Казэнерджи консалт» ЖШС-нің Қазақстан Республикасының клирингтік қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын салалық заңнама талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ клирингтік қызметтерді тұрақты әрі сенімді көрсету үшін қажетті ұйымдық, қаржылық және рәсімдік жағдайлардың бар екенін растайды.
Клирингтік орталық өз қызметінде клиенттер мен нарық қатысушыларының мүдделеріне бағдарланып, тәуекелдерді басқаруға, рәсімдердің ашықтығына, клирингтік есеп айырысулардың жеделдігіне және сервистік қолдаудың сапасына басымдық береді.
Тауар биржасының клирингтік орталығы – «Казэнерджи консалт» ЖШС клиенттермен, нарық қатысушыларымен, уәкілетті мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тұлғалармен ашық әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін растайды.