Биржалық сауда қағидаларында өтінімнің бағытына қарамастан биржалық сауда-саттыққа қатысудың 2 нұсқасы көзделген:
— биржалық брокердің клиенті ретінде;
— аккредиттелген биржа мүшесі ретінде.
Биржалық брокердің қызметтерін пайдалана отырып, клиенттер мыналарды алады:
— кәсіби лицензиясы бар брокердің білікті қызметтері
— биржалық сауда-саттыққа қатысу кезінде тәуекелдерді барынша азайту, өйткені оларды брокер өз мойнына алады;
— биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін құжаттарды жинауға бағытталған еңбек шығындарын барынша азайту;
— кіру, мүшелік және басқа да алымдарды төлеудің қажеті жоқ, тек жасалған мәмілелер үшін брокерлік комиссия мен биржалық алым төленеді.
Клиент шартты биржамен емес, аккредиттелген брокерлік компаниямен жасайды.