“Каспий “Тауар биржасы” АҚ өзінің корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қыс мезгілі қарсаңында қайырымдылық көмек көрсетті.
Астана қ., Қарағанды қ. және Ақмола облысының он бес отбасыларына азық-түлік себеттері және қысқы кезеңде үйлерді жылыту үшін пеш отынымен қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетілді. Өткізілген қайырымдылық акциясы аясында оған қатысу үшін “Каспий “Тауар биржасы” АҚ еншілес компанияларының қызметкерлері және Биржаның аккредиттелген мүшелері шақырылды.