Индекстер / Котировкалар
Сұйытылған газ
Секциялық ережелер бойынша сауда-саттық
Сатушылар:
Мұнайды сұйылтылған газ өндірушілер және олар өздеріне меншіктегі немесе басқа заңды негіздегі көмірсутекті шикізатты өңдеу барысында өндірілген сұйылтылған мұнай газдарының иелері.
Сатып алушылар:
Өнеркәсіптік тұтынушылар, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю бекеттерінің иелері, оларда теміржол цистерналарынан толтыруға мүмкіндік беретін жалпы көлемі кемінде 60 текше метр болатын сұйылтылған мұнай газын сақтау қоймалары бар немесе аймақтық жеткізу аумағындағы газ толтыру станциясының иесімен ай сайын кемінде 60 текше метр сұйылтылған мұнай газын сақтау және қайта тиеу қызметін көрсету туралы келісімшарт жасаған;
Өнеркәсіптік тұтынушыларға, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю бекеттерінің иелеріне, егер олар автомобиль көлігі арқылы сұйылтылған мұнай газын жеткізуді көздейтін сауда құралдары бойынша биржалық саудаға қатысса.
Сауда режимі: Қос жақты кездейсоқ анонимді аукцион
Жеткізу шарттары: DDP, EXW, FCA (Инкотермс 2020)
Лот көлемі: 5 тоннадан 40 тоннаға дейін
Жаңалықтар
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына, “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық қауіпсіздік туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 3) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына сәйкес және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мәселелері бойынша мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі кеңес хаттамасының 5-тармағын орындау үшін 2022 жылғы қаңтар № 20-04 / 07-1055 БҰЙЫРАМЫН:
Бұйрықпен сілтеме бойынша танысуға боладыhttp://zan.gov.kz/client/#!/doc/163066/rus
Осы бұйрықтың негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді.
Өңірлер бойынша сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге мынадай шекті бағалар белгіленді:
Бағалар ҚҚС есебімен көрсетілген. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап 180 күн ішінде жарамды.
Бұйрықтың толық мәтіні сілтеме бойынша қол жетімдіhttp://zan.gov.kz/client/#!/doc/162892/rus
Бейне
© 2021. Caspy Commodity Exchange.