Ослоға іскерлік сапары аясында «Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Әділ Тұрсыновпен кездесті. Кездесу барысында биржаның қызметі, оның негізгі жетістіктері мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жоспарлары таныстырылды.
