Search
Close this search box.

«Каспий» биржасының делегациясы ХБҚ-ныңмерейтойлық жыл сайынғы жиналысына қатысты

«Каспий» биржасының делегациясы ХБҚ-ның мерейтойлық жыл сайынғы жиналысына қатысты

9-12 маусым аралығында Минскіде Халықаралық биржалар қауымдастығының
(ХБҚ) 25 жылдығына және Беларусь әмбебап тауар биржасының 20 жылдығына
арналған іс-шаралар бағдарламасы өтті. Салтанатты шара және іскерлік күн
тәртібіне «Каспий» тауар биржасы» АҚ делегациясы қатысты.

ХБҚ – ТМД, Орталық Азия және таяу шет елдердің жетекші тауар, валюта және қор
биржаларын біріктіретін беделді өңірлік платформа.

Қауымдастықтың жыл сайынғы жиналысы биржалық нарықтардағы өзекті сын-қатерлер
мен трендтерді талқылауға арналған алаңға айналды. Сессияға қатысушылар
биржалардың қазіргі экономикалық жағдайларға қалай бейімделетінін, қандай шешімдер
тауар нарықтарының тиімді, тұрақты және ашық жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін және
бүгінгі таңда қор және валюта биржалық жүйелері қай бағытта жүретінін талқылады.

«Каспий» биржасы іс-шараға қатысушыларға сауда-саттық көлемі, енгізілген IT-шешімдер
және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі деректерді қоса алғанда, 2024 жылғы қызмет
нәтижелері туралы есепті ұсынды. Презентация сауда рәсімдерін цифрландыру,
мәмілелердің ашықтығы және әділ бәсекелестікті қолдау бойынша шешімдерге шолуды
қамтыды.

Сапар аясында биржалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар
аударылды. Бұған дейін «Каспий» тауар биржасы» АҚ мен Беларусь әмбебап тауар
биржасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат
өзара сауданы дамытуды, тәжірибе алмасуды, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске
асыруды көздейді.

«Беларусь әмбебап тауар биржасына бізді жылы қарсы алғаны және мерейтойлық
бағдарламаны мінсіз ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. Іс-шараны жоғары деңгейде
өткізгені үшін Александр Осмоловскийге және ұйымдастыру комитетінің барлық
командасына ерекше алғыс айтамыз. Біз үшін жай ғана аймақтық биржалық
қауымдастықтың бір бөлігі болып қана қоймай, оның дамуына үлес қосу, әзірлемелерді
бөлісу және нарықтар арасында шынайы көпірлер салу маңызды», — деп атап өтті
«Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисов.

Мерейтойлық жиналысқа қатысу «Каспий» биржасы үшін халықаралық ынтымақтастықты
күшейтуге және цифрландыру және тұрақты даму саласындағы өзінің басымдықтарын
белгілеуге мүмкіндік болды.

АНЫҚТАМА:
ХБҚ Мәскеуде 2000 жылдың сәуірінде халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастырылған
қаржы нарықтарын дамыту бойынша күш-жігерді үйлестіру мақсатында құрылды.
ХБҚ құрамына өзара қаржылық айналымға, валютамен, мемлекеттік және корпоративтік бағалы
қағаздармен операцияларға қызмет көрсетуде шешуші рөл атқаратын Достастықтың 10 елінен 20
ұйым кіреді.

«Беларусь әмбебап тауар биржасы» ААҚ – ашық және бәсекеге қабілетті сауда ортасын
қамтамасыз ету үшін құрылған Шығыс Еуропадағы ең ірі тауар биржаларының бірі. Биржа
Халықаралық қатысушылардың Беларусь нарығына қол жеткізуін жеңілдете отырып, экспорттық-
импорттық операцияларды белсенді дамытуда. Бұл Шығыс Еуропадағы ең ірі спот-биржа. Жыл
сайын БӘТБ-да 4 млрд USD астам сомаға 500 мыңнан астам мәміле жасалады, ал клиенттік
базада 35 500-ден астам клиент бар.

«Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдерін, көмір мен цементті қоса алғанда, тауарлардың
кең спектрімен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. «Каспий»
тауар биржасы» АҚ энергетикалық биржалардың еуропалық қауымдастығына (EUROPEX)
қауымдастырылған мүше ретінде кіреді. S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінің ең жоғары
ESG-бағасына ие.
БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болған ТМД аумағындағы алғашқы биржалық
алаң. Сондай-ақ, «Каспий» KASE Қазақстан қор биржасының ресми листингіне енгізілген елдегі
жалғыз тауар биржасы.

БАҚ үшін байланыс:
press@ccx.kz
8 701 216 88 62
www.ccx.kz

Заявка на вакансию