Астана, 2026 жылғы 18 қараша.
«Каспий»
тауар биржасы акционерлік қоғамы (Caspy Commodity Exchange, CCX) құрылғанына 15
жыл толуын атап өтуде. Осы уақыт ішінде Биржа алғашқы ұйымдастырылған
сауда-саттықтан бастап өзінің электрондық сауда және клиринг инфрақұрылымын
дамытуға, тауар нарықтарының аясын кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты
нығайтуға дейінгі жолдан өтті.
15 жыл ішінде CCX алаңында
155 113 биржалық мәміле жасалды. Сауда және сатып алу операцияларының жиынтық көлемі 7 млрд
АҚШ долларынан асты.
Тауар нарығын дамытудың 15
жылы
«Каспий»
тауар биржасы 2011 жылғы 18 қарашада құрылды. Алғашқы биржалық сауда-саттық сол
жылдың 30 желтоқсанында өтті. Кейінгі жылдары CCX қызмет бағыттарын кеңейтіп,
нарық қатысушыларына арналған инфрақұрылымды жетілдірді.
Дамудың
негізгі кезеңдері:
·
2013 жыл — парниктік газдар (CO₂) шығарындыларына арналған
квоталар саудасын ұйымдастыру.
·
2014 жыл — электр энергиясының биржалық саудасын іске қосу.
·
2018 жыл — Caspy Tender еншілес компаниясын құру және
электрондық сатып алу алаңын дамыту.
·
2019 жыл — Қазақстан қор биржасының (KASE) листингіне ену
және клиринг инфрақұрылымын дамыту.
·
2020 жыл — сауда және клиринг шешімдерін дамытуға арналған
технологиялық базаны кеңейту.
·
2021 жыл — мұнай өнімдері, битум және коммуналдық-тұрмыстық
көмір саудасын дамыту.
·
2024 жыл — Еуропалық энергетикалық биржалар қауымдастығына
(EUROPEX) қауымдастырылған мүше ретінде кіру.
·
2025 жыл — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция
министрлігінің әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар саудасын жүзеге асыратын
тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурсындағы жеңіс. CCX 249 балл жинап,
қатысушылар арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Тауар нарықтары және
қатысушылар
Қызмет
еткен жылдары CCX көмір, мұнай өнімдері, битум, электр энергиясы, цемент,
көміртек бірліктері және басқа да тауарлар бойынша ұйымдастырылған сауданы
дамытуға қатысты. Биржалық инфрақұрылым өндірушілерді, жеткізушілерді, сатып
алушыларды, брокерлер мен дилерлерді біріктіреді.
Ұйымдастырылған
сауданың дамуы бағалық бағдарларды қалыптастыруға, қатысушылардың
мүмкіндіктерін кеңейтуге және сауда рәсімдерінің ашықтығын арттыруға ықпал
етеді.
Өз технологиялары және
клиринг
CCX
дамуының негізгі бағыттарының бірі — электрондық сауда және клиринг
инфрақұрылымын құру және жетілдіру. trade.ccx.kz сауда жүйесі сауда-саттықты
өткізуді, мәмілелерді тіркеуді және кейінгі бақылау мен аудит үшін
операцияларды тіркеп отыруды қамтамасыз етеді.
Автоматтандырылған
клиринг шешімдері қатысушыларға ақша қаражатының қозғалысын және кепілдік
қамтамасыз етуге қатысты операцияларды қадағалауға мүмкіндік береді. CCX
цифрлық сервистерді, бақылау тетіктерін және инфрақұрылымның технологиялық
сенімділігін жетілдіруді жалғастыруда.
Халықаралық ұйымдарға мүшелік
және ынтымақтастық
CCX
ТМД биржаларының халықаралық қауымдастығына мүше, EUROPEX қауымдастырылған
мүшесі және UN Global Compact бастамасының қатысушысы болып табылады.
Қызметтің
жеке бағыты — шетелдік биржалармен және серіктестермен, оның ішінде Беларусь
әмбебап тауар биржасымен (БУТБ) және Өзбек республикалық тауар-шикізат
биржасымен (UZEX) ынтымақтастық. Мұндай өзара іс-қимыл тәжірибе алмасуға және
кәсіби байланыстарды дамытуға ықпал етеді.
Тұрақты даму және әлеуметтік
жауапкершілік
CCX
тұрақты даму қағидаттарына, корпоративтік басқаруға және әлеуметтік
жауапкершілікке көңіл бөледі. 2025 жылғы S&P Global Corporate
Sustainability Assessment бағалауының нәтижесінде Биржа 100 балдық шкала
бойынша 60 балл алды, бұл тиісті салыстыру тобындағы компаниялар арасында
95-процентильге сәйкес келеді.
CCX
әлеуметтік бастамалары білім беруді, спортты және қайырымдылық жобаларын
қолдауды қамтиды.
Дамудың келесі кезеңі
Биржаның
алдағы басымдықтары цифрлық шешімдерді, клирингті, биржалық құралдарды және
халықаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған. Негізгі міндет —
Қазақстанның тауар нарығына арналған ашық, бәсекелі және технологиялық
инфрақұрылымды дамыту.
«Каспий»
тауар биржасының президенті Мұрат Кадисов: «15 жыл ішінде біз алғашқы
биржалық сауда-саттықтан бастап өзіміздің цифрлық сауда және клиринг
инфрақұрылымымызды құруға дейінгі жолдан өттік. Бүгінде біздің міндетіміз —
сауда-саттықты ұйымдастырумен ғана шектелмей, Қазақстанда ашық, бәсекелі және
технологиялық тауар нарығын дамыту үшін жағдай жасау.
Біз
цифрлық шешімдерді, клирингті, жаңа сауда құралдарын және халықаралық
ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруды көздейміз. Акционерлерімізге,
клиенттерімізге, серіктестерімізге және қызметкерлерімізге алғыс айтамын.
Биржаның осы жылдардағы барлық жетістігі — бірлескен жұмыс пен сенімнің
нәтижесі. Алда бізді жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер күтіп тұр».
15
жылдық даму. Жаңа нарықтар, технологиялар және мүмкіндіктер.
Ресми сайт: www.ccx.kz
Сауда жүйесі: trade.ccx.kz