• USD: 457
  • EUR: 531
  • RUB: 5.32
жаңалықтарға
  • Компания туралы
  • Жетістіктер
  • Басшылық
  • Директорлар кеңесі
  • Төлемдерді төлеуге арналған шот
«Каспий» Тауар биржасы тұрақты даму жөніндегі үшінші есебін жариялады
28.07.2026

«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ (ТБК) 2025 жылға арналған тұрақты даму жөніндегі үшінші есебін жариялады. Құжатта Компанияның негізгі нәтижелері көрсетіліп, ESG қағидаттарын корпоративтік басқару мен операциялық қызметке енгізу бағытындағы жетістіктері баяндалған.

Есепте корпоративтік басқару, цифрлық трансформация, ақпараттық қауіпсіздік, адами капиталды дамыту, іскерлік әдеп және климаттық тәуекелдерді басқару салаларындағы нәтижелер қамтылған. Құжат GRI халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалып, TCFD ұсынымдарын ескере отырып әзірленді.

2025 жылғы негізгі жетістіктердің қатарында S&P Global ESG бағасының 60 балға дейін артуы, әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар бойынша уәкілетті тауар биржасы мәртебесін алу, цифрлық сауда инфрақұрылымын дамыту және ESG мен климаттық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бар.

«Тұрақты дамуБиржаның ұзақ мерзімді стратегиясының ажырамас бөлігі. Үшінші тұрақты даму есебінің жариялануы ашықтыққа, жауапты корпоративтік басқаруға және ESG тәжірибесін үздіксіз жетілдіруге деген ұстанымымызды көрсетеді. Біз клиенттеріміз, серіктестеріміз, акционерлеріміз және Қазақстанның тауар нарығы үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруды жалғастырамыз», – деді «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Президенті Мурат Қадисов.

2025 жылға арналған тұрақты даму жөніндегі есептің толық нұсқасы Компанияның ресми сайтында қолжетімді.
Меню: