«Биржалық
тауар нарығы» форумының
қорытындысы бойынша «Каспий» тауар биржасы» АҚ (CCX) мен «Өзбекстан
республикалық тауар-шикізат биржасы» АҚ (UZEX) арасында ынтымақтастық туралы
келісімге қол қойылды.
Құжат
жеміс-көкөніс және өзге де өнімдермен биржалық сауда саласында, соның ішінде
электрондық сауда платформаларын интеграциялау арқылы, тұрақты серіктестік
қалыптастыруды көздейді.
Келісім
көкөністер мен жемістер саудасын жеңілдетуге, оны жылдамырақ әрі ашық етуге
бағытталған. Бұл халықты сапалы өнімдермен тұрақты бағамен қамтамасыз етуге
жасалған маңызды қадам болып табылады.
Келісім
Орталық Азия үшін ерекше маңызға ие, себебі өңірде ауыл шаруашылығы өндірісі
мен трансшекаралық сауда қарқынды дамып келеді. Басым бағыттар қатарында елдер
арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту, экспорттық-импорттық
операциялардың ыңғайлылығын арттыру және халықаралық аграрлық нарықтарға шығу
бар.
«Өзбек
тарапы мен ынтымақтастық бізге сауда-саттықтағы тиімді және тұрақты өзара
іс-қимыл тәсілдерін қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті
«Каспий» тауар биржасы» АҚ Президенті Мурат Кадисов.