Search
Close this search box.

Сұйытылған газ

Индекстер / Котировкалар

Индекстер / Котировкалар

Сұйытылған газ

Секциялық ережелер бойынша сауда-саттық

Сатушылар:

Мұнайды сұйылтылған газ өндірушілер және олар өздеріне меншіктегі немесе басқа заңды негіздегі көмірсутекті шикізатты өңдеу барысында өндірілген сұйылтылған мұнай газдарының иелері.

Сатып алушылар:

Өнеркәсіптік тұтынушылар, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю бекеттерінің иелері, оларда теміржол цистерналарынан толтыруға мүмкіндік беретін жалпы көлемі кемінде 60 текше метр болатын сұйылтылған мұнай газын сақтау қоймалары бар немесе аймақтық жеткізу аумағындағы газ толтыру станциясының иесімен ай сайын кемінде 60 текше метр сұйылтылған мұнай газын сақтау және қайта тиеу қызметін көрсету туралы келісімшарт жасаған;

Өнеркәсіптік тұтынушыларға, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю бекеттерінің иелеріне, егер олар автомобиль көлігі арқылы сұйылтылған мұнай газын жеткізуді көздейтін сауда құралдары бойынша биржалық саудаға қатысса.

Сауда режимі: Қос жақты кездейсоқ анонимді аукцион

Жеткізу шарттары: DDP, EXW, FCA (Инкотермс 2020)

Лот көлемі: 5 тоннадан 40 тоннаға дейін

Жаңалықтар

"Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газымен Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы " Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығы

“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына, “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық қауіпсіздік туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 3) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына сәйкес және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мәселелері бойынша мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі кеңес хаттамасының 5-тармағын орындау үшін 2022 жылғы қаңтар № 20-04 / 07-1055 БҰЙЫРАМЫН:

  1. Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газымен Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы 481 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17897 болып тіркелген) қолданылуы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай газ химиясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернетресурсында орналастыру;
  • Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вицеминистріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрықпен сілтеме бойынша танысуға боладыhttp://zan.gov.kz/client/#!/doc/163066/rus

"Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м. а. 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы

Осы бұйрықтың негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді.

Өңірлер бойынша сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге мынадай шекті бағалар белгіленді:

  1. Ақтөбе облысы 455 теңге/тонна
  2. Маңғыстау облысы 45455 теңге/тонна
  3. Шығыс макроөңірі52728 теңге/тонна
  4. Батыс макроөңірі45455 теңге/тонна
  5. Солтүстік макроөңір 54909 теңге/тонна
  6. Оңтүстік макроөңір58182 теңге/тонна.

Бағалар ҚҚС есебімен көрсетілген. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап 180 күн ішінде жарамды.

Бұйрықтың толық мәтіні сілтеме бойынша қол жетімдіhttp://zan.gov.kz/client/#!/doc/162892/rus

Бейне

Заявка на вакансию