• USD: 449
  • EUR: 504
  • RUB: 5.48
жаңалықтарға
  • Компания туралы
  • Жетістіктер
  • Басшылық
  • Директорлар кеңесі
  • Төлемдерді төлеуге арналған шот
2026 жылғы қазан айындағы демалыс және мереке күндері туралы
15.10.2026

Құрметті сауда-саттыққа қатысушылар!


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) 2-бабына сәйкес 25 қазанда ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі.


Заңның 5-бабына сәйкес мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі келесі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі.


2026 жылы 25 қазан жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында демалыс қатарынан үш күнге — 24 қазаннан 26 қазанға дейін қоса алғанда созылады.


2026 жылғы қазан айында бес күндік жұмыс аптасында демалыс және мереке күндері 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 26 және 31 қазан болады.


Сауда-саттықты өткізу, оған қатысу және өз жұмыстарыңызды ұйымдастыру кезінде көрсетілген демалыс және мереке күндерін ескерулеріңізді сұраймыз.

Меню: