Осымен «Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның Сауда департаменті «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан келіп түскен 2026 жылғы 18.03. № 01.6-0815 хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша саудаға қатысушылардың барлығына 2026 жылғы маусым айына жеткізіліммен сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды. Сауда сессиялары 2026 жылғы 31 наурыздан 6 сәуірге дейін бес сауда күні бойы Астана қ. уақытымен сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін өтеді. Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:
CL6FCCKS - Ақмола облысы (5 лот)
CL6FCBKS – Алматы облысы (5 лот)
CL6FCHKS – Жамбыл облысы (5 лот)
CL6FCMKS – Қарағанды облысы (5 лот)
CL6FCNKS – Қызылорда облысы (5 лот)
CL6FCPKS – Қостанай облысы (5 лот)
CL6FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот)
CL6FCXKS – Түркістан облысы (5 лот)
CL6FCAKS – Алматы қ. (5 лот)
CL6FCZKS – Астана қ. (5 лот)
CL6FCYKS – Шымкент қ. (5 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы, ДВ кіші тобының, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, СТ РК 1526-1-2022 стандартына сәйкес қатардағы көмір (0-300 мм), лот мөлшері 207 тонна, төлем шарты – тиеп жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 3%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарты FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS). 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» - «Көмір» бөлімінде танысуға болады.
Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы бастапқы баға ҚҚС-ты қоса алғанда тоннасына 8 908,8 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 997,89 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1035 тонна) аспайды.
CL8FCCKS - Ақмола облысы (5 лот)
CL8FCВKS – Алматы облысы (5 лот)
CL8FCJKS - Жетісу облысы (5 лот)
CL8FCMKS - Қарағанды облысы (5 лот)
CL8FCNKS – Қызылорда облысы (5 лот)
CL8FCPKS – Қостанай облысы (5 лот)
CL8FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот)
CL8FCXKS – Түркістан облысы (5 лот)
CL8FCAKS – Алматы қ. (5 лот)
CL8FCZKS – Астана қ. (5 лот)
CL8FCYKS – Шымкент қ. (5 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы, ДВ кіші тобының, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, СТ РК 1526-1-2022 стандартына сәйкес сұрыпталған көмір (50-300 мм), лот мөлшері 335 тонна, төлем шарты – тиеп жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 3%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарты FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS). 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» - «Көмір» бөлімінде танысуға болады.
Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы бастапқы баға ҚҚС-ты қоса алғанда тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 9 486,45 теңгені (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1005 тонна) аспайды.