• USD: 457
  • EUR: 531
  • RUB: 5.32

Биржалық сауда қағидаларында өтінімнің бағытына қарамастан биржалық сауда-саттыққа қатысудың 2 нұсқасы көзделген:

— биржалық брокердің клиенті ретінде;
— аккредиттелген биржа мүшесі ретінде.

Биржалық брокердің қызметтерін пайдалана отырып, клиенттер мыналарды алады:
— кәсіби лицензиясы бар брокердің білікті қызметтері
— биржалық сауда-саттыққа қатысу кезінде тәуекелдерді барынша азайту, өйткені оларды брокер өз мойнына алады;
— биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін құжаттарды жинауға бағытталған еңбек шығындарын барынша азайту;
— кіру, мүшелік және басқа да алымдарды төлеудің қажеті жоқ, тек жасалған мәмілелер үшін брокерлік комиссия мен биржалық алым төленеді.

Клиент шартты биржамен емес, аккредиттелген брокерлік компаниямен жасайды.

Клиенттер үшін
Биржалық брокердің клиенті ретінде қатысу үшін қажет
4 / 6
Биржалық брокермен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу
Қамтамасыз етуді пайдалану және Клирингтік орталықпен өзара іс-қимыл туралы үшжақты шарт жасасу
Құжаттарды тізбеге сәйкес биржаның және клирингтік орталықтың электрондық мекенжайларына жіберу
Брокерге тауарды сатып алуға/сатуға өтінім жіберу
Брокерлер / дилерлер үшін
Аккредиттелген биржа мүшесі ретінде қатысу үшін қажет
4 / 5
Аккредиттеу рәсімін зерделеу
Барлық белгіленген құжаттар мен анықтамаларды биржаның физикалық мекенжайына жіберу
Биржаның клирингтік орталығымен клирингтік қызмет көрсетуге шарт жасасу
Тауар биржасымен биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу
Бекітілгендерге сәйкес барлық қажетті жарналарды енгізу тарифтерге
Аккредитация қағидалары
Меню: