• USD: 457
  • EUR: 531
  • RUB: 5.32
Тарифтер
Биржа тарифтері
Биржалық сауда қағидалары шеңберінде секциялар бойынша биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастырғаны үшін.
Биржалық сауда қағидаларының тармағы Секция атауы Биржалық алым мөлшерлемесі Ескертпе
Қағидалардың 24-тарауы Мұнай өнімдерімен сауда жасау секциясы 0,05% Сатушы тарап төлейді
0,20% Сатып алушы тарап төлейді
Қағидалардың 24-тарауы 1-параграфы Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу секциясы 0,05% Сатушы тарап төлейді
0,20% Сатып алушы тарап төлейді
Қағидалардың 25-тарауы Көмірмен сауда жасау секциясы 0,05% Сатушы тарап төлейді
0,20% Сатып алушы тарап төлейді
Қағидалардың 26-тарауы Портландцементпен (цементпен) сауда жасау секциясы 0,05% Сатушы тарап төлейді
0,20% Сатып алушы тарап төлейді
Қағидалардың 28-тарауы Қантпен сауда жасау секциясы 0,05% Сатушы тарап төлейді
0,20% Сатып алушы тарап төлейді
Қағидалардың 23-тарауы Қайталама нарықта көміртегі бірліктерімен сауда жасау секциясы 0,05% Сатушы тарап төлейді
0,20% Сатып алушы тарап төлейді
Биржалық сауда қағидалары шеңберінде секциялардан тыс биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастырғаны үшін.
Тариф/алым атауы Тариф/алым сомасы (теңге) Ескертпе
Ауыл шаруашылығы өнімдері
0,05%
0,20%
Сатушы тарап төлейді
Сатып алушы тарап төлейді
Жер қойнауын пайдаланушылардың, табиғи монополия субъектілерінің және биржалық тауарларды сатып алуды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалардың сатып алулары
0,20%
0,05%
Сатушы тарап төлейді
Сатып алушы тарап төлейді
Кіру, мүшелік және өзге де жарналарды төлеу бойынша
Тариф/алым атауы Аккредиттеу түрі Тариф, АЕК теңге Ескертпе
Қосарлы қарсы аукцион режиміндегі реттелетін сауда-саттық секцияларына кіру жарнасы
Брокер
Дилер
100 АЕК
50 АЕК
Біржолғы өндіріп алынады
Барлық секцияларға бірыңғай кіру жарнасы
Брокер
Дилер
300 АЕК
150 АЕК
Біржолғы өндіріп алынады
Биржа мүшелеріне арналған мүшелік жарна
Брокер
Дилер
200 000 теңге
100 000 теңге
Аккредиттеудің бірінші қаржы жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын төленеді
Әрбір сауда секциясы бойынша заңнама шеңберінде кепілдік қорын қалыптастыру үшін клирингілік орталыққа кепілдік жарна
Брокер
Дилер
650 000 теңге
300 000 теңге
Аккредиттеу тоқтатылған жағдайда жарна қайтаруға жатады
Ақпараттық және өзге де қызметтерге ақы төлеу бойынша
Тариф/алым атауы Тариф/алым сомасы (теңге) Ескертпе
Белгілі бір тауар түріне күн сайын (бір рет) баға индикаторларын ұсыну 20 000 теңге Айына 1 сауда құралы үшін Электрондық пошта арқылы жіберу
Белгілі бір тауар түріне апта сайын (бір рет) баға индикаторларын ұсыну 7500 теңге Айына 1 сауда құралы Электрондық пошта арқылы жіберу
Белгілі бір тауар түріне ай сайын (бір рет) баға индикаторларын ұсыну 5 000 теңге Айына 1 сауда құралы Электрондық пошта арқылы жіберу
Есептік құжаттардың телнұсқалары, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру (бір есептік құжат) 10 000 теңге Құжат үшін
Биржаның электрондық түрде растауымен биржалық мәміленің телнұсқасы 5000 теңге Құжат үшін
Оқыту семинары (сауда-саттық секциялары бойынша) 150 000 теңге Адам басына, сынақ нысанымен 8 сағаттық оқыту
Трейдердің сауда-саттық секциясына рұқсат алу үшін қайта тестілеуден өтуі 75000 теңге Адам басына
«Каспий» тауар биржасы» АҚ электрондық-сауда жүйесіне қосылу 20 АЕК «Тауар биржалары туралы» ҚРЗ 14-бабына және Биржалық сауда қағидаларының 8-тармағына сәйкес төленеді. Көрсетілген құн сауда жүйесінің әрбір модуліне тиісті Биржа мүшесінің 2-ден аспайтын адамына және/немесе трейдеріне рұқсат беруді қамтиды
Биржаның электрондық-сауда жүйесіне қосылу 30 АЕК (2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Құнға Биржа мүшесінің әрбір кейінгі трейдері немесе трейдердің міндеттерін атқаратын қызметкері үшін үшінші және төртінші логинді беру кіреді
Биржаның электрондық-сауда жүйесіне қосылу 60 АЕК (2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Құнға Биржа мүшесінің әрбір кейінгі трейдері немесе трейдердің міндеттерін атқаратын қызметкері үшін бесінші және одан кейінгі логиндерді беру кіреді
Биржаның электрондық сауда жүйесіндегі қолжетімділіктерді пайдалану Айына 100 000 теңге (2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) ЭТС ТБ-да берілген үшінші және төртінші логиндер үшін төлем логиндерді пайдалану басталатын айдың 1-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс
Биржаның электрондық сауда жүйесіндегі қолжетімділіктерді пайдалану Айына 500 000 теңге (2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) ЭТС ТБ-да берілген бесінші және одан кейінгі логиндер үшін төлем логиндерді пайдалану басталған айдың 1-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс
Меню: